457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әбенов пен Базарбек «СҚ-Фармация» басшыларын тергеуді талап етіп отыр

Депутаттар Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов Бас прокуратураға ресми түрде арыз жазды. Олар «СК-Фармация» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізуді талап етуде, деп хабарлайды Malim.kz Kozachkov offside телеграм-арнасына сілтеме жасап.


Өтініште баяндалған деректер Жоғарғы аудиторлық палата жүргізген салалық мониторинг нәтижесінде анықталған.

«СК-Фармация» кейбір жағдайларда дәрі-дәрмекті 3,5 есеге дейін артық бағамен сатып алған.

Анық байқалатын мысалдар бар:

«КазМедПром» ЖШС ауруханаларға 8 миллиард теңгеге медициналық қолғап жеткізген. Ал ол қолғаптарды бұл компания Таиландтан небәрі 4 миллиард теңгеге сатып алған.

Кейбір препараттар мүлде қажетсіз болып, шамамен 17 миллиард теңгеге алынған дәрі-дәрмек жай ғана қоқысқа тасталған. Яғни, не қажет екеніне қарамай, текке сатып ала берген.

Фармацевтикалық компаниялар кейбір препараттарға сараптама қорытындысын әдейі кешіктіріп, Қазақстанда сатуға рұқсат бермей қойған. Мысалы, «Кластеон» препараты 2,5 жыл бойы құжат күтіп тұрған. Осы уақыт ішінде оның аналогы әлдеқайда жоғары бағамен сатып алынған. Ал кей жағдайларда сараптама небәрі 25 күнде өткізілген.

Сонымен қатар, ауруханаларда мемлекет есебінен сатып алынған, бірақ ешқандай сертификаты жоқ, сараптамадан өтпеген дәрілер кеңінен қолданылған. Жоғарғы аудиторлық палата осындай 23 миллион бірлік препаратты анықтаған, олардың жалпы құны шамамен 12 миллиард теңге.

Жалпы, бұл өтінішке қарағанда, медицина саласында жыл сайын ондаған миллиард теңге желге ұшады. Ал мемлекет бұл қаражатты оңай үнемдей алар еді. Бірақ, шамасы, біреулерге дәрі-дәрмекті артық бағамен сатып алу тиімді сияқты. 

Бұған дейін «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалғанын жазғанбыз. 

Фото: azattyq-ruhy.kz