Алматы облысында оқушыны қатарластары соққыға жыққан (ВИДЕО)

Адвокаты қылмыстық істің баяу жүріп жатқанын айтады

Мәди Саматұлы

  • 21.09.2024

Бұл оқтиға туралы адвокат Алена Нефф әлеуметтік желіде жариялады. Оның жазуынша, биыл 20 шілдеде бір отбасы адвокатқа баласының соққыға жығылғанын айтып жүгінген. Оқиға Талғар ауданында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның жазуынша, жаөспірім бала өзі қатарлас жігіттермен танысып, олармен азғантай уақыт араласқан. Алайда, көп ұзамай олардың теріс пиғылын көріп, нақтырақ айтқанда, басқа құрдастарына, кіші балаларға жасайтын жағымсыз әрекеттерінен кейін олармен араласуды тоқтатқан.

Біршама уақыт олармен араласқысы келмей, аулақ жүруге тырысады. Оның бұл ісін әлгілер қырын қабылдайды. Сөйтіп, араласпай кеткені үшін бірнеше апта бойы ескі таныстары түрлі себеп тауып, оны кездесуге шақыра бастайды. Бірақ ниеті болмай, оған да бармай қояды.

Алайда бір күні көшеде кездесіп қалады.

Сөйтіп, сыртқа, адам жүрмейтін далалық жерге алып кетеді. Қоршап алып, біреуі телефон камерасына түсіре бастайды. Сөйтіп, тағы бірі шығып, баланы боқтап, ұрып-соға бастайды. Сонымен бірге, сөздерінен ақша бопсалағаны да көрініп тұр.

Бұл видеоны таныстары байқап қалып, ата-анасына жолдаған. Ең қызығы, бұзақы балалардың ата-аналары өз балаларын тәрбиелеудің орнына, зардап шеккен отбасына қарсы шағымын білдірген.

Бүгінде бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ, адвокат істің тым баяу жүріп жатқанына қапалы.  

Фото: бейнежазбадан скриншот

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды