Алматылықтардың жылуға төлеген 74 млн-нан астам ақшасы қайтарылады

Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2024-2025 жылғы жылыту маусымындағы нақты ауа температурасы негізінде жылу энергиясы қызметінің құнын қайта есептеу жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жылумен қамту саласында қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу есептегіш құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін қызмет ақысын қайта есептейді. Жалпы қайта есептелген сома 74,19 миллион теңгені (ҚҚС-ны қоса есептегенде) құрайды.
Қайта есептеу нәтижесі бойынша тұтынушылардың жеке шотында «жылу» тармағында аванс (сальдо) ретінде көрініс табады. Бұл қаражат 2025-2026 жылғы жылыту маусымында немесе ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін (2025 жылдың соңына дейін) ескерілетін болады, – делінген департаменттің 4 шілдедегі хабарламасында.
Фото: pixabay.com


Ең көп оқылған
