Астана тұрғыны түнде қонақүйден 1 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен

Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген.

Malim Админ

  • 28.05.2024

Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қалалық ПД Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған.

Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен.

Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді.

Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.