Астанада есік сындырып, бүреудің көлігін тепкілеген бұзақылар жазаланды

Жыл басынан бері сондай 270-тен аса адам жауапқа тартылған

Мәди Саматұлы

  • 23.11.2024

Астана полицейлері жатақхана есігін сындырып, көлікті тепкілеген бұзақыларды тауып, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана әкімдігі ресми сайтының мәлімдеуінше, 12 қараша кешкісін университет ғимаратында ашуға булыққан 32 жастағы ер адам ағаш есікті ұрып, зақымдаған.

17 қарашаға қараған түні 37 жастағы азамат полиция ғимаратында кезекші бөлімде қолымен терезені сындырған.

18 қараша кешкісін 42 жастағы азамат біреудің көлігіне зақым келтірген. Бірнеше сағаттан кейін 36 жастағы басқа адам мас күйінде басқа ауданда да көлікті зақымдаған.

Олардың барлығы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал келтірілген залал көлемі 200 АЕК немесе 690 мың теңгеден аспайды, деп жазылған әкімдік мәлімдемесінде. 

Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 270-тен астам адамды жазалаған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ASTANA (@akimat__astana)

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді