Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полицияға жеткізілді

151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Malim Админ

  • 28.11.2024

Елордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар мен гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексереді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болғаны анықталды.

— Рейдтік іс-шаралар шеңберінде аудандық ІІО-ға 165 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 6 бала есепке алынды. Сонымен қатар, 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» бойынша 109 факті тіркелді. Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелерінің иелері сағат 22.00-ден кейін ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына және жүруіне тыйым салынады.

Рейдтік іс-шаралар қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын дамыту және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мақсатында жүргізіледі.

Фото:  Астана қаласының әкімдігі   

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

29.11.2024

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

29.11.2024

Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

28.11.2024

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

28.11.2024

Доллар құны 500 теңгеден асты

27.11.2024

«Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза». Астана әуежайындағы баннер көпшіліктің ашуын туғызды

27.11.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов Астанадағы өнеркәсіп жұмыстарымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты.

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

Доллар құны 500 теңгеден асты

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге

«Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза». Астана әуежайындағы баннер көпшіліктің ашуын туғызды

Путин елімізге мемлекеттік сапармен келе жатыр.