Астанада вейп пен насыбай сатқандарға 3,6 млн теңге айыппұл салынған
Қалада рейдтер әлі жүріп жатыр
Астанада вейп пен насыбайдың заңсыз саудасына қатысты рейдтер өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Tлорда әкімдігінің мәлімдеуінше, Сарыарқа ауданы бойынша жыл басынан бері вейп пен насыбайды заңсыз сатудың 70 дерегі анықталған. Сауда орындарына 3 645 850 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, төрт қылмыстық іс қозғалған.
Есіл ауданында шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді сатудың 15-ке жуық дерегі анықталған. Олар заңсыз сауда жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Байқоңыр ауданында рейд нәтижесінде 9 сауда нүктесіне 25 АЕК айыппұл салынды, сонымен қатар 5 заңсыз сақтау орны табылды, онда шамамен 4 тонна насыбай тәркіленді. Жыл басынан бастап 15 маусымға дейін Нұра ауданы бойынша вейп пен снюстің заңсыз саудасының 8 фактісі анықталды. Бұзушыларға 369 200 теңге айыппұл салынды, деп жазды әкімдік сайты.
Сонымен қатар, Алматы ауданында рейдтер барысында 200-ден астам нысан тексерілген. Полицейлер 64 заңбұзушылықты анықтаған, оның ішінде:
- Шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 42 фактісі (насыбай). Барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып әкімшілік хаттамалар жасалған.
- Мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 21 фактісі, ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылған;
- 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатудың 1 фактісі үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік хаттама жасалған.
Фото: Астана қаласы әкімдігі