457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аулада кілем жуатындар енді айыппұл төлеуі мүмкін

Кей қазақстандық үшін аулада кілем жуу күнделікті тірліктің бір бөлігі болғанымен, енді мұндай іс-әрекет үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 505-бабына сәйкес, бұл – абаттандыру ережелерін бұзу ретінде қарастырылады. Айыппұлдың көлемі бұзушының мәртебесіне байланысты белгіленеді.

Кодекске сәйкес:

  1. Жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген. 2025 жылы бұл шамамен 78 мың теңгеден асады.
  2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 АЕК-ке дейін, яғни шамамен 118 мың теңге.
  3. Орта бизнеске – 40 АЕК немесе 157 280 теңге.
  4. Ірі бизнес үшін айыппұл көлемі 100 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін – 393 200 теңге.

Бұл тәртіп бұзушылықтар жоспарлы тексерістер кезінде де, тұрғындардың шағымдары негізінде де тіркеледі. Санитарлық нормаларды бұзу саналатын әрекеттердің қатарына лас суды ағызу, жуғыш заттарды қолдану, көгалды бүлдіру және жағымсыз иістер тарату жатады.

Айыппұл мен көршілермен жанжалдан аулақ болу үшін клинингтік компаниялардың қызметін немесе арнайы кілем жуу алаңдарын пайдаланған жөн.

Мұндай құқықбұзушылықтарға учаскелік инспекторлар, жергілікті полиция қызметкерлері, санитарлық қызмет пен әкімдік өкілдері бақылау жүргізеді. Қайталанған жағдайда арнайы комиссия құрылып, екі еселенген мөлшерде айыппұл жазылады.

Фото: pixabay.com