Балаларды зорлады делінген ер адамға қатысты тергеу аяқталды

16 ақпанда Алматы облысында белгісіз ер адам төрт балаға шабуыл жасаған еді

Malim Админ

  • 12.08.2024

Алматы облысында үйге басып кіріп, балаларға шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш бап бойынша тергеу жұмыстары тәмамдалды.

Еске салайық, 16 ақпанда елді адам шошырлық оқиға елең еткізді. Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам үйге баса көктеп кіріп, ондағы төрт балаға шабуыл жасаған. Оларды соққыға жығып, байлап, тамағына пышақ сұққаны хабарланды. Бүлдіршіндердің айғайын естіген көршілері жүгіріп келген.

Прокуратура мәліметінше, үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша соталды тергеу жүргізілген. Атап айтқанда,  «зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу», «Кәмелетке толмаған адамға қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру», «Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп жасалған немесе адамдар тобы жасаған немесе түнгi уақытта жасалған немесе заңсыз тiнтумен ұласқан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты тұрғынжайдан заңсыз шығару» бойынша.

Айта кетейік, жан түршігерлік жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, басы мен бетінен жарақат алған кенже ұлын облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Қалғаны амбулаториялық емге жіберілген болатын.

Фото: Видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды