457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Экология министрлігіне қарасты 8 қызметкер жемқорлық бойынша сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлерінің арасындағы жемқорлық көрсеткіші туралы айтты. Kazinform сауалына жолдаған жауапта агенттік 2024 жылы министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне қатысты 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелгенін мәлімдеген.


Оларды жасауда 9 адам әшкереленді, оның ішінде 8 адам сотталды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша белгіленген залал - 167,3 млн теңге, оның 45 млн теңгесі өтелді, - деп жазылған жауапта.

Агенттік 2024 жылы жемқорлықтың алдын алу мақсатымен «Ертіс Орманы» және «Семей орманы» табиғи резерваттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген.

Талдау нәтижелері бойынша министрлікпен бірлесіп, орман және табиғи ресурстарды басқаруда анықталған жүйелік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Сондай-ақ, биылғы 21 сәуірде Агенттік алаңында экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтіп, орман шаруашылығы мен табиғи резерваттарда анықталған жүйелік мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, министрлікке және оның құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар берілді, - деп жазады Антикор мамандары.

Фото: islam.kz