«Көшемізде сатқындарға жол жоқ: Қазақстан есірткі таратушыларға қарсы халықтық соғыс жариялайды!»

Дәл осындай ұранмен Астанада синтетикалық есірткі таратушыларға қарсы «Сатқындар» кампаниясы басталды, деп хабарлайды Malim.kz

Malim Админ

  • 21.09.2024

Шараны «Дала қырандары» қоғамдық жастар бірлестігі ұйымдастырған. Акцияға Қазақстанның әр өңірінен келген 3 мыңға жуық ерікті қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.  

Бірлестік кординаторы Сейтқалиев Нұрбол Қонысбекұлы шара жайлы: «Сатқындар – өз ұлтын, ары мен намысын, Отанының тыныштығын, келер ұрпақтың болашағын сатқандар. Қазақстанға үлкен қатер төніп тұр. Мақсатымыз – жастардың санасы мен ел амандығын сақтау» ,- дейді.

«Дала қырандары» ұйымының өкілдері мұндай шара алдағы уақытта елдің басқа өңірлерінде де өтеді. Яғни, акция бір реттік емес. Тисінше, ауқымды республикалық кампанияның бастауы.

Ұйым мүшелері, еріктілерден бөлек, акцияға грек-рим күресінен әлем чемпионы Асхат Дильмухамедов, жекпе-жек шебері Василий Тахтай, Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников сынды азаматтар да келді.

- Есірткіге тәуелділік елімізді жайлап кетті. Ең қорқыныштысы – олардың басым бөлігін жастар құрап тұрғаны. Бұл ұйымға жан-жақты қолдау білдіруге тырысамын. Шеберлік сабақтарын өткіземіз. Есірткімен күресте тек полиция қызметкерлеріне қарап отырмай, әрқайсымыз әрекет етуіміз керек,- деді шара қонағы Сергей Цырульников.

«Дала қырандары» бірлестігі синтетикалық есірткімен күресу үшін есірткі таратушылар әр жерге жазып қалдыратын байланыс номерлері мен интернеттегі сілтемелерді өшірумен айналыспақ.

Университет, мектеп қабырғалары, жаяу жүргіншілер жолындағы осындай сілтемелер өшіріліп, оның орнына «Дала қырандарының» QR-коды қойылмақ. Ұйымдастырушылар сөзінше, ақырында есірткі сатушылар мен таратушылардың сайты деген оймен сілтемеге кірген адамдар туралы ақпарат жиналады.   

Есірткі бизнесімен күреске екінің бірі жарай бермейді. Мұндай кампанияға мүше болу үшін есірткіге қарсы болу жетпейді. Сол үшін еріктілер қатарына қосылатындар арнайы емтихан тапсырады.

«Сатқындар» акциясының ресми бөлімі аяқталған бойда еріктілер бірнеше топқа бөлініп, есірткімен күресу үшін қала көшелерін аралауға аттанды.

Материалды әзірлеген – Айкөркем Сағат

Фото: Автор

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды