Маңғыстауда есірткі сақталған қойма табылды

Салмағы 10 келі, бағасы 60 миллион теңге тұратын есірткі шықты

Malim Админ

  • 17.09.2024

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жасырын қоймада 60 миллион теңгенің есірткісі анықталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкерлерімен бірлесе және Маңғыстау облысының прокуратурасының үйлестіруімен бірге «Өмір» демалыс базасына қарай 39 шақырым жерде орналасқан құмды аумақтан жасырын қойманы анықтады. Оның ішінен салмағы 10 келі, бағасы 60 миллион теңге тұратын, гашиш есірткісін шығарды.

Осылайша Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері облыс аумағында есірткі заттарының заңсыз сатылуын тоқтатты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша алдын ала тергеп-тексеру басталды.

Құқықтық ақпараттың өзге бөлігі ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025
MalimBlocks