Қазақстан түрік компаниясынан 6 млрд теңге өндіріп алды

2022 жылдың мамырында келісімшарт бұзылса да, ақша қайтарылмаған

Мадина Қайнарова

  • 23.09.2024

Қазақстан тас жолды жөндеу жұмыстарына қатысты Парижде өткен сотта түрік компаниясын жеңді.


F&A Road Construction түрік компаниясы Күрті - Бұрылбайтал тас жолын жөндеу жұмыстарымен айналысқан. Енді мемлекет бұл компаниядан сот арқылы 6 млрд теңге өндіріп алды.

Сот ісінің материалдары бойынша, 2021 жылы 25 қарашада Автомобиль жолдары комитеті аталмыш компанияға 5,9 млрд теңге мөлшерінде алдын ала төлем берген. Бұл қаражат техника тартып, материалдар жайындауға жұмсалу керек болған. Алайда мердігер жұмыстарды бастамаған.

2022 жылдың мамырында келісімшарт біржақты тәртіпте бұзылды, бірақ ақша қайтарылмады.

Қазақстан Париждегі Халықаралық сауда палатасының Төрелік сотына талап арыз берді.

- Нәтижесінде, 2024 жылдың маусымында мердігер бітімгершілік келісімге қол қоюды ұсынды, ал 2024 жылдың 28 тамызында Автомобиль жолдары комитеті келісімге қол қойды. Осы Келісімге сәйкес мердігер 2024 жылғы 26 қыркүйекке дейін 5,9 млрд теңге мөлшерінде аванстық төлемді қайтаруға, сондай - ақ Әділет министрлігінің қызметтері үшін 280 мың доллар және төрелік жарнаның 85 мың долларын өтеуге міндеттенді, - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Фото: vsluh.ru

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді