Қостанай облысында пошташы зейнеткерлерге миллиондап несие рәсімдеген

Оған қатысты алаяқтықтың бірнеше эпизодымен іс қозғалған

Мәди Саматұлы

  • 23.11.2024

Қостанайда зейнеткерлердің атына 2,3 млн теңге несие ресімдеген пошта тасушы ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz жазуына қарағанда, Қостанай ауданында полицейлер қарт адамдарды алдап, несиелер рәсімдеген пошта тасушының алаяқтық әрекетінің жолын кескен. 

Қариялардың сеніміне кіріп, қаскүнем оңай жолмен пайда тапқысы келген. Күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсу керек деп, өзінің алаяқтық схемасын іске асырып отырған. Содан кейін мобильді қосымшалардың көмегімен алаяқ жәбірленуішілердің атынан несиелер рәсімдеген. 

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының 5 зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден кредит, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты, деп жазылған полиция хабарламасында.

Қазір алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді. Мұндай қылмыс үшін заңда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Елімізде несие алуы қиындай түспек