freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бурабай көлінде емізулі сәбиімен бірге алты адам жағаға жеткізілді

Оқиға
Бурабай көлінде емізулі сәбиімен бірге алты адам жағаға жеткізілді
Фото: pixabay

Бурабай ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлден жеті адам құтқарылды, оның бірі - емізулі сәби, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылы 22 шілдеде ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының күрт нашарлауына байланысты демалушылар жағаға өз бетінше қайта алмай қалған. 

"Бурабай көлінде акваторияны патрульдеу барысында жағадан 800 метр қашықтықта ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары резеңке қайықпен алты адамды, оның ішінде бір емізулі сәбиді қауіпсіз жағаға жеткізді. Демалушылар құтқару кеудешелерін киген, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, төтеншеліктер дәл осы уақытта ауа райының күрт нашарлауына байланысты Щучинск қаласындағы Щучье көлінде тағы бір адамға көмек керек болды.

Жағадан 1 шақырым қашықтықта ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары резеңке қайықпен балық аулауға шыққан азаматты құтқарды. Ер адам жағаға өз бетінше қайта алмай қалған. Ол құтқару кеудешесін киген, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ".

ТЖМ су айдынына шығар алдында жүзу құралының техникалық жағдайын міндетті түрде тексеру керектігін, өзіңізбен байланыс құралдарын және құтқару кеудешелерін алып жүру қажеттігін ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу