Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Бақытжан Байжановтың колониядан босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Комитеттің мәліметінше, сотталған азамат Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған «Амнистия туралы» заң негізінде сот қаулысымен босатылған.
ҚАЖК-нің хабарлауынша, сот амнистия мәселесін қараған кезде Байжановтың өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күн болған.
Сонымен қатар сот қаулысымен Бақытжан Байжановқа пробациялық бақылау белгіленіп, оған алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалған.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Степногорск қалалық соты Байжановтың өтелмеген жаза мерзімін толық қысқартып, оны бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылдаған болатын.