Ресейде ЛГБТ ұйымын қолдаған адам тергеу изоляторында қайтыс болды

Оның жексенбі таңертең өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды

Malim Админ

  • 30.12.2024

Фото: www.kommersant.ru

«Men Travel» туристік агенттігінің директоры, өткен айда «экстремистік» әрекеттер ұйымдастырғаны үшін айыпталғаннан кейін ұсталған Андрей Котов абақтыда қайтыс болды, деп жазады «Америка дауысы».

ЛГБТ өкілдеріне арналған туристік турлар ұйымдастырғаны үшін ұсталған ресейлік азамат Андрей Котов СИЗО-да қайтыс болды.  Мұны құқық қорғаушы ұйымдар мен ресейлік мемлекеттік БАҚ хабарлады.

«Men Travel»  туристік агенттігінің директоры Андрей Котов өткен айда Кремльдің «дәстүрлі құндылықтарға сай емес өмір салтын ұстанатындарды» жазалау шаралары аясында «экстремистік» әрекет ұйымдастырғаны үшін айыпталған болатын.

Құқық қорғаушы «ОВД-Инфо» ұйымы Котовтың адвокатына сілтеме жасап, оның жексенбі таңертең өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Бұл туралы құқық қорғау органдары да мәлімдеді. «ОВД-Инфо» мәліметтері бойынша, 40 жастағы Котов өткен айда тұтқындалған кезде соққыға жығылғанын айтқан. Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі РИА Новости де Котовтың өз-өзіне қол салғанын хабарлады.

Өткен айдың соңында мемлекеттік БАҚ Котовты қауіпсіздік қызметінің өкілдері тергеген видеоны жариялады.

Ресей ЛГБТ қозғалысы қоғамының өкілдеріне қарсы қудалауды бірнеше жылдан бері жүргізіп келеді, ал биыл жыл басында «ЛГБТ-қозғалысын» экстремистік ұйымдар тізіміне қосқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Алматыда адвокат сотталды

25.02.2025

Түрмеде отырған саяси тұтқын соққыға жығылды

26.04.2021

Тынымбай НҰРМАҒАМБЕТОВ. Келін

09.03.2021

СІМ Еуропарламент сынына жауап берді

14.02.2021
MalimBlocks
Алматыда адвокат сотталды

Түрмеде отырған саяси тұтқын соққыға жығылды

Тынымбай НҰРМАҒАМБЕТОВ. Келін

СІМ Еуропарламент сынына жауап берді