Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда адвокат сотталды

Қоғам
Алматыда адвокат сотталды

Алматы қаласы Медеу аудандық сотым Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды.

Антикордың ақпаратынша, олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үйге айналдыруды заңдастырып береміз деген сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады», – делінген хабарламада.

Фото: inform.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу