Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сарқын суды далаға ағызған кәсіпорынға айыппұл салынды

Құқық
Сарқын суды далаға ағызған кәсіпорынға айыппұл салынды

Қарағанды облысындағы  ірі геологиялық барлау компаниясы ағын суларды далаға бей-берекет ағызған. Осы әрекеті үшін кәсіпорын басшылығына  313,9 миллион теңге (655,2 мың доллар) айыппұл салынды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше «Алтай Полиметалл» ЖШС сарқынды суларды ашық далаға ағызған. Тексеру жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін басталды.

«Қарқаралы ауданының прокуроры Қарағанды облысы бойынша экология департаментіне сауал жолдады. Тексеру нәтижесінде кәсіпорын мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істеген, бұл Экологиялық кодекс нормаларын бұзады», - делінген хабарламада.

Қарқаралы аудандық соты компанияны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп таныды.

Сонымен қатар сот орындаушысы компанияның ағын суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.

Фото: kaznovosti.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу