Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

Әпкесі Бақыт Реймова елден депортацияланатын болды

Malim Админ

  • 11.12.2024

Талғарда кісі қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалды. Кезекші судьяның шешімі туралы осы отбасының қорғаушылары justice_for_sherzat инста-парақшасында хабарлады.



Отбасының қорғаушылары кезекші судьяның үкіміне 11 желтоқсан күні аппелияциялық шағым түсіретінін хабарлады.

Қаржаубай Нұрымовтың немере әпкесі Бақыт Реймова да жауапқа тартылды. Ол халықты митингке шақырғаны үшін айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамалды және шет елдің азаматы ретінде елден депортацияланатын болды.

Нұрымовтың әпкесі – Салтанатқа да бұзақылық жасады деген айып тағылып, 20 АЕК көлемінде (73 840 теңге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар осы отбасының күйеубаласы Айғазы да қамауға алынған. Алайда оған қатысты кезекші судья үкім шығармаған.

10 желтоқсан күні марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов, сараптама қорытындысы бойынша өз-өзіне қол салды деп танылған інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімі өткен соң, журналистерді шақыруды талап еткен болатын.
Осыдан соң, полиция оның әрекетін «қоғамдық тәртіпке қауіп төндірді» деп танып, Нұрымовты және оның туыстарын қамауға алған еді.

Ал 11 желтоқсанға қараған түні өзін жайсыз сезінген Қаржаубай Нұрымовты Алматы облыстық полициясы ауруханаға жеткізгенін хабарлаған.

Фото: Видеодан кадр   

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болаттың әпкесі Қазақстаннан қудалана ма? Адвокат жауап берді

17.12.2024

Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

11.12.2024

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура

31.10.2024

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қалай жүріп жатыр

28.10.2024
MalimBlocks
Шерзат Болаттың әпкесі Қазақстаннан қудалана ма? Адвокат жауап берді

Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында

Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

Шынайы ақпарат халыққа дер кезінде жетпеді

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура

Үй өртеуге қатысты іс тергеліп жатыр

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қалай жүріп жатыр

Ішкі істер министрі "тергеу жеке бақылауымда" деді