Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Соңғы 2 жылда елімізде 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған

Құқық
Соңғы 2 жылда елімізде 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әр түрлі бабы бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған.

Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды. Полиция жақын шет елдерден келген 6 «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алды, деп жазылған полиция хабарламасында.

Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалып, 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталған.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу