Сот 7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрімнің апелляциялық шағымын мақұлдамады

«Адвокаттардың гонорары үшін қаражат жинау экстремизмді қаржыландыру емес», -  деді қорғаушы

Malim Админ

  • 08.11.2024

7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрімнің аппеляциялық шағымын облыстық сот мақұлдамады. Осы іске қатысты 20-дан аса сот отырысы өтті. Соңғы сөз айтылған жабық сот отырысы туралы Orda.kz жазды.   


Сотқа Думанды жақтап келген бір топ адам бостандық сұраса  да,  құзырлы орган қызметкерлері бұл шерудің заңсыз екенін ескертті. Естеріңізге сала кетсек, «Тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған Думан Мұхаммедкәрімге кезінде Қонаев қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Бүгін облыстық сот сол шешімді өзгеріссіз қалдыратындарын жариялады.

Ал аппеляциялық шағымды қараған сот отырысына адвокаты мен құқық қорғаушысы ғана кіре алды. 

Думан Мұхаммедкәрімнің қорғаушысы алғашқы отырыста сотта ашық өткізуге қатысты өтініштердің қабылданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, сотта жасырын куәгердің сөзі тыңдалды. Адвокат оның Гриша Ходжаев деп екенін айтты.

Адвокаттың айтуынша, журналистің Мұхтар Әбіләзовтен алған сұхбатында оған қойылған сұрақтары экстремистік ұйымды қолдау ретінде қаралмауы керек.

«Әбіләзовке қойылған сұрақтар ешқандай партияны немесе қозғалысты қолдауға бағытталмаған. Бұл— абсурд. Адвокаттардың гонорары үшін қаражат жинау экстремизмді қаржыландыру емес», -  деді қорғаушы Ғалым Нұрпейісов.

Ол сондай-ақ қылмыстық іс пен үкімнің заңсыз және жалған екенін айтты.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары, соның ішінде Human Rights Watch, Думан Мұхаммедкәрімді саяси қудалау көрген адам деп таныды.

«Ол тек өз пікірін білдіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр», - деді Ғалым Нұрпейісов. 

Бұдан бөлек, қорғаушы журналисті Талдықорғанға этаппен жібермей, Алматыға жақын Заречныйға ауыстыру туралы өтініш білдірді.

Сотқа келіп, журналистке қолдау көрсеткендер арасында негізінен зейнет жасындағы азаматтар болды. Ғалым Нұрпейісов олар тек Думан Мұхаммедкәрімді ғана емес, Қазақстандағы адам құқықтары мен заңның үстемдігін қорғауға келгенін айтты.

«Бұл жолы негізінен қартаң адамдар келді және шын мәнінде Думан үшін, Қазақстанның болашағы үшін және жалпы адам құқықтары үшін алаңдайтындар келді. Ата-аналар ұрпағының шын жүректен және ниетімен келді. Олар тек Думанды емес, жалпы заңдылықты қолдау мақсатында жүр», — деді Ғалым Нұрпейісов.

Фото:  qazaqtimes.com  

Байланысты жаналықтар

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

16.11.2024

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

13.11.2024

Некесін қиған күні өлтіріп кеткен. Көкшетауда қайғылы оқиға болды

13.11.2024

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

12.11.2024
MalimBlocks
Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

«Қаржаубай өтірік айтты, мылтықты Нұрқанат алып шығып, атты». Шерзат ісіндегі қарсы тарап өз шындығын айтты

Олар Шерзаттың әкесі мен ағасын қаматуды сұрайды

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді

Некесін қиған күні өлтіріп кеткен. Көкшетауда қайғылы оқиға болды

Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді