457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сотта өтірік айтқан адам 5 жылға сотталды

Абай облысындағы Жарма аудандық соты сотта әдейі жалған куәлік берген азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол заңсыз аңшылық ісі бойынша қаралған сот отырысында жалған ақпарат айтып, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, ер адам сотта шындыққа жанаспайтын куәлік беріп, өзінің танысын қылмыстық жауапкершіліктен құтқаруға тырысқан. Ол сот процесінде де, бұған дейінгі Жарма аудандық полиция бөліміндегі тергеу кезінде де жалған мәліметтерді бірнеше мәрте қайталаған.

Сот ер адамның әрекетін әдейі жалған куәлік беру деп танып, оны кінәлі деп тапты. Үкімге сәйкес, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Depositphotos.com