457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте «шоколад қапталған құлпынайды» жарнамалағандар сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шоколадпен қапталған құлпынай сатамын деп алдаған тұрғындарға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бірнеше тұрғын 2025 жылдың 8 наурызда «ТикТок» әлеуметтік желісінде «Шоколадпен қапталған құлпынай» сатылатыны туралы жалған жарнама жасаған. Нәтижесінде, 13 жәбірленушіні алдап, олардың ақшасын алаяқтық жолымен иемденіп, оны өзара бөлісіп, өз пайдасына жаратқан.

Прокурор сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер кешірім берген.Сотталушылар кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде, сот ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға  бас бостандығын шектеу жазасын  тағайындады. 

Үкім заңды күшіне енбеді.

Фото: istockphoto.com