Талдықорғанда кәсіпкерді көлігімен бірге өртеп жіберген адам сотталды

Malim Админ

  • 07.03.2025

Жетісуда 2 млн теңге үшін серіктесін өлтірген азамат сотталды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Сотта А.-ға қатысты «Кісі өлтіру және бөтеннің мүлкін қасақана жою» фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеу дерегінше, серіктестер арасындағы дау шаруа қожалығын сату туралы ұсыныстан басталған. Алайда Б. оған келіспей, А.-дан « 2 млн теңге ақшамды қайтарып бер» деп талап етеді. Б. оған жұдырық ала жүгіреді. Ашуға булыққан А. пышақ алып, оның мойны мен ішіне сұғып, өлтіреді. Кейін қылмысын жасыру үшін марқұмды көлігімен бірге қала сыртына апарып, өртеп жібереді.

Сот үкімімен А. барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 27 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп мәлімдеді Жетісу облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Фото: Pexels


 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады