Танымал саясаттанушы Екатерина Шульманға іздеу жарияланды

Ресей Ішкі істер министрлігі ресейлік саясаттанушы, қазақстандық MNU университетінің оқытушысы Екатерина Шульманға іздеу жариялады

Сұлу Бөлек

  • 26.03.2025

Ресей Ішкі істер министрлігі саясаттанушы Екатерина Шульманға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Саясаттанушы Қылмыстық кодексінің бабы бойынша қылмыстық іс аясында іздестіріліп жатыр. Бір қызығы, ол не үшін айыпталғаны айтылмаған. 

Facebook-парақшасында бұл ақпаратқа пікір білдірген Шульман Прагада екенін және бірнеше күннен кейін «Мәртебе» бағдарламасында эфирге шығатынын, кейін Софияға баратынын айтты.

Екатерина Шульман туралы не белгілі?

Екатерина Шульман — танымал саясаттанушы және публицист, заң шығару мәселелері бойынша маман, саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2022 жылғы сәуірде Ресейдің әділет министрлігі оны «шетелдік агент» функцияларын орындайтын жеке тұлғалар тізіміне енгізді.

2022 жылы Ресейде мобилизация басталғаннан кейін Шульман Ресейден кетті. 

2023 жылы ол Қазақстандағы Maqsut Narikbayev University оқу орнына оқытушы болып орналасқан еді. Бүгін Maqsut Narikbayev University өкілдері Екатерина Шульманның оқу орнында профессор емес екені, онымен жасалған еңбек шарты 2024 жылғы 1 тамызда бұзылғанын айтты. 

Фото: facebook.com/Ekaterina.Schulmann

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек