Жала жабу, жалған ақпарат... БАҚ пен онлайн платформаларға айыппұл салынады

Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ пен онлайн-платформаларға жаңа айыппұлдар енгізуді ұсынып отыр.
2024 жылы интернетте 78 мыңға жуық құқыққа қайшы материал анықталған, бірақ олардың тек 24,3%-ы ғана жойылған.
Министрлік келесі өзгерістерді енгізгісі келеді:
экстремистік контент, жала жабу, жалған ақпарат және алаяқтық контентті орналастырғаны үшін онлайн-платформаларға айыппұл салу;
радио мен теледидарда қазақ тіліндегі контенттің үлесін сақтамағаны үшін жаза енгізу;
БАҚ-ты мемлекеттік органдардың ресми жауаптарын арнайы белгілеп көрсетуге міндеттеу;
жарнама уақытына шектеу қою және белгіленген лимиттен асып кеткені үшін жазалау;
шетелдік платформаларды Қазақстанда тіркелуге және өкілдік ашуға міндеттеу.
Министрліктің пікірінше, өкілдік ашу жергілікті және шетелдік БАҚ арасындағы бәсекелестік жағдайын теңестіруге көмектеседі.
Жаңа айыппұлдардың мөлшері әлі анықталған жоқ — жоба «Ашық НҚА» сайтында 10 шілдеге дейін талқыланады.
Фото: gov.kz


Ең көп оқылған
