Жамбыл облысында балабақша меңгерушісі 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алып отырған.

Берік Дәулетов

  • 27.06.2024

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алып отырған.

Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз қаласының № 2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Таразда депутат соққыға жығылды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды