Заң мен тәртіп: заңсыз ойын бизнесі қатаң бақылауда

Елімізде заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу бағытында біршама жұмыс атқарылып келеді. Әсіресе, ғаламторда құмар ойындар саңырауқұлақтай қаптап, кең таралып жатқаны алаңдатарлық жағдай.
Өкінішті жайттар болмас үшін жиі профилактикалық жұмыстар жүзеге асуға тиіс. Осы мақсатта Бас прокуратура арнайы жиын өткізіп, Туризм және спортқа жауапты ведомство, Ұлттық банк қызметкерлері ортақ мәселеге үн қосты.
Жастардың санасын улап, психологиялық тұрғыдан күйзеліске түсіретін заман кеселі интернетте кең етек жаймас үшін бірлескен тәсілдер қолданылуы қажет. Мамандардың ұсынысы бойынша қатаң цифрлық бақылау, қаржылық тексеріс, сондай-ақ рейдтер жүргізу жұмыстары жалғаса береді.
Бір қуанышты жаңалық, тәртіптің арқасында елде заңға бағынбай, ойын кәсібін ұйымдастыру азая түскен. Бұл дерек 22 пайызға кемігені байқалады. Онлайн-казинолардың жемсауын толтыруға бағытталған банк есепшоттары жабылған.
Шектеу қойылған интернет-ресурстарға бұғаттау жұмыстары қарғынды жүргізіліп жатыр дейді бас прокуратура мамандары. Аталған қылмыстардың қоғамға тигізер залалы аз емес екені айқын.
Онлайн ойындарға есіретін жандарға және оны ұйымдастырушыларға бас прокуратура ескертеді: Бизнестің бұл түрін іске асырушылардың мүлік тәркіленеді. Жаза мұнымен бітпейтінін қаперде ұстау керек. Қылмыс жасағандар 7 жылға дейін сотталады. Бұл дегеніміз Қылмыстық кодекстің 307 бабы бойынша белгіленген.
Фото: pixabay