Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салу туралы петиция 50 мың қол жинады

Қоғам
Шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салу туралы петиция 50 мың қол жинады

Қазақстанда шенеуніктерге құмар ойындарына тыйым салуды талап ететін петиция 50 мың қол жинады, деп хабарлайды Malim.kz

Петицияның сипаттамасында шенеуніктердің билік пен қазынаға қол жеткізе отырып, мемлекеттік қаражатты үлкен көлемде жоғалтатыны жазылған.

Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған, - делінген жазбада. 

Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атап өтті. Бұл петицияға белсенділік танытқандар көбейіп, 50 мың қолға жетті. 

Еске салсақ, қазақстандықтар шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады.

Сондай-ақ бұрынғы уақытты қайтару туралы және ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мыңнан астам дауыс жинады.

Фото: opennews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу