«Шенеуніктерге тыйым салынады»: Ерлан Қарин жаңа заң туралы пікір білдірді

Мемлекеттік кеңесші сөз соңында заңда лудомонияға шалдыққандарды сауықтыру мәселесі қарастырылғанын айтты.

Берік Дәулетов

  • 08.07.2024

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол өз сөзінде Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші заң екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ойын бизнесі мәселелері туралы заңға қол қойды

Бүгін Президент лудоманияға қарсы күреске қатысты заң актілеріне түзету енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші заң.

Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде лудоманияны әлеуметтік кеселдің бірі деп атап өтті және тиісті нормативтік құжатты Парламенттің қазіргі сессиясының соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Заң жобасы түрлі пікірталас алаңында талқыланып, оған депутаттар, Ұлттық құрылтайдың және Жастар жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты. Мамыр айында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар бекітіліп, оның ережелері жаңа заңның нормаларымен үйлесім тапты, - деп жазды Ерлан Қарин.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салынғанын да атап өтті.

Парламент депутаттарының ұсынысымен қабылданған бұл құжатта құмар ойындарын ойнауға рұқсат берілген адамдардың санын азайтуды көздейтін жүйелі іс-шаралардың біртұтас кешені қарастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салынған.

Осы құжатта көзделген негізгі жаңалықтың бірі – Борышкерлердің бірыңғай тізіміндегі азаматтарға қатысты шектеу шараларының енгізілуі. Бұл – 3,5 миллионнан астам адам.

Букмекер конторалары мен тотализаторлардың барлық жердегі сыртқы жарнамасына тыйым салынады. Бұдан былай байланыс операторлары ұялы телефонға жарнамасы бар мәтіндік хабарламаны жібере алмайды, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин сөз соңында заңда лудомонияға шалдыққандарды сауықтыру мәселесі қарастырылғанын айтты.

Сонымен қатар лицензиясы жоқ шетелдің букмекерлік контораларының, тотализаторларының интернет ресурстарына және онлайн-казиноларға толық тыйым салынады.

Лудоманияға шалдыққан азаматтарды сауықтыруға қатысты бірқатар шара қарастырылған. Құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалтудың тәртібі белгіленді. Мұндай адамдарды, құпиялылықты сақтай отырып, ақыл-кеңес беру арқылы бақылауға алу тәсілі енгізілді, - деп сөзін аяқтады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр