457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жазғы демалыста балалар қандай жұмыстарды істей алады?

Жазғы демалыс кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім балаларға қанша сағат жұмыс істеуге болатыны айтылды. Бұл туралы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   


 
Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің жұмыс істеуіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
 
ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:

14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;

16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу – аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.

Жасөспіріммен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.
 
Кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін);

үстеме жұмыс;

вахталық жұмыс;

қоса атқарылатын жұмыс;

жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.

Комитеттің хабарлауынша, балалар еңбегін заңсыз пайдаланатын және оларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тартатын жұмыс берушілер жазаланады.

Фото: Pin24 ru