Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Malim Админ

  • 03.05.2024

Жетісу облысында оқушы қызға зорлық-зомбылық жасағаны үшін математика пәнінің мұғалімі кінәлі деп танылып, 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған 39 жастағы ер адамға қатысты іс қаралды.

Жабық режимде өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Ж. есімді ер адамға өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қорғаушы тарап өз кезегінде сотталушының әрекетін Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанға белгілі адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 122-бабының 2-бөлігі (Жыныстық қатынас және он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша саралауды сұрады.

Ж.-ның әрекеті заң бойынша аса ауыр қылмыс санатына жатқызылып, Ж.-ның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен толық дәлелденген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы және істің басқа да құжаттарына сәйкес айғақ берілген, – делінген сот хабарламасында.

Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Сондай-ақ оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Кәмелетке толмаған жәбірленуші Г.-ның заңды өкілінің пайдасына бес млн теңге моральдық шығын өндірілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: almaty.tv

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді