freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Кыздар.Нет” ісі: трансұлттық топ мүшелері 8-10 жылға сотталд

Қоғам
“Кыздар.Нет” ісі: трансұлттық топ мүшелері 8-10 жылға сотталд
Фото: pixabay

Қазақстанда алғаш рет “Кыздар.Нет” сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескендерге үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстанда алғаш рет тыйым салынған “Кыздар.Нет” сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін айыпталғандарға сот үкімі шығарылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында Петропавл прокуратурасы тыйым салынған сайт арқылы интим қызметтерді насихаттап, жарнамалауға көмектескен трансұлттық ұйымдасқан топтың алты мүшесіне айып таққан.

Тергеу барысында топтың заңсыз қызметі ақылы интим қызмет көрсететін адамдардың сауалнамаларын белгіленген тарифтер арқылы жарнамалауды ұйымдастыруға негізделгені анықталған.

2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты республикада алғаш рет “Кыздар.Нет” сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін үкім шығарды.

Сот барлық айыпталушыны кінәлі деп таныды. Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған бес қатысушының әрқайсысы 8 жылға сотталды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу