Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Лаңкестерге жәрдемтесті”: Қазақстан тумасы Ресейде қамауға алынды

Қоғам
“Лаңкестерге жәрдемтесті”: Қазақстан тумасы Ресейде қамауға алынды

Ресейде Қазақстан тумасы лаңкестік әрекетке жәрдемдесті деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметі Telegram-арнада мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 2025 жылдың 19 маусымында ұсталып, қамауға алынған.

Тергеу дерегінше, Чумакова лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген. Атап айтқанда, ол мемлекеттік органдардың қызметін тұрақсыздандыру немесе олар қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мақсатында жоғары лауазымды әскери қызметкерге қарсы терактіге көмектесті деген айып тағылып отыр.

Сот барысында күдікті тарапынан үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш болғанымен, судья оны қанағаттандырмады. Қамауда ұстау мерзімі 2025 жылдың 17 тамызына дейін белгіленді.

Айта кетейік, әзірге ресми айып тағылған жоқ, іс тергеу сатысында.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу