Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

LRT ісі бойынша сотталғандардың мүлкі мемлекет меншігіне өтті

Қоғам
LRT ісі бойынша сотталғандардың мүлкі мемлекет меншігіне өтті

Астана қаласының прокуратурасы LRT ісі бойынша сотталғандардың қомақты қарызын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөзге сүйенсек, Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын үзбей келеді.  

«City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.

Бұдан өзге прокурорлар жеке компаниялардың бірінен Астанадағы мектептің пайдасына 17 млн теңге қндіріп берген.

«Прокуратураның кешенді шараларының арқасында биыл жалпы 2,9 млрд теңгенің  мемлекеттік активтері қайтарылды», - деп хабарлайды прокуратура.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу