Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

Қоғам
Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған адам 22 жылға сотталды

Маңғыстау облысында жасөспірім қызды бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген тұрғынға 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының 2023 жылы тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірім қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлағаны, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталған.

«Сот сотталушыны кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп жазылған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Фото: Depositphotos

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу