Жетісу облысында мас жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды және түзеу мекемесіне жіберілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Алакөл ауданында прокуратура жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін 10 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған аудан тұрғыны мас күйінде тағы да рөлге отырған.
Сот үкімімен, аудан тұрғындарының қатысуымен, кінәлі 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Фото: freepik.com