Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мейрамбек пен Мархабат Беспаевтар үшінші сәбиін күтіп жүргенін айтты

Шоу-бизнес
Мейрамбек пен Мархабат Беспаевтар үшінші сәбиін күтіп жүргенін айтты

47 жастағы отандық әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі сүйінші жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқырман қауым әнші мен оның жарын құттықтап жатыр.

Мархабат Беспаева видео жариялап, үшінші сәбиін күтіп жүргенін аңғартты.

Мархабат қуанышты жаңалығын оқырмандарына өзі жеткізген.

Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де, міне, үшінші рет басымнан кешудемін. Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр.

Біз сені асыға күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Мейрамбек пен Мархабат Беспаевтар бір қыз бен бір ұл өсіріп отыр.

Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу