Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мөлдір Мұқанова неліктен бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов жайлы сұхбат берді?

Шоу-бизнес
Мөлдір Мұқанова неліктен бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов жайлы сұхбат берді?
әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Журналист Жанар Байсеміз продюсер Мөлдір Мұқанованың Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуына байланысты сұхбат беру себебін түсіндірді. Бұл тақырып Медиақұрылтай алаңында тағы да көтерілді, деп Malim.kz тілшісі Kursiv.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, Мөлдір мен Тұрсынбектің жанұясы – еліміздегі басқа кез келген отбасы секілді, қоғамның бір бөлшегі.

"Отбасы, бұл – құндылық. Мөлдір мен Тұрсынбектің отбасы Қазақстаннан бөлек отбасы емес. Қазақстандағы отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті отбасы құрады. Өзінің деңгейін жоғары қоятын адамдар неге ол жағын ойланбайды? Осы сұхбаттан кейін, қаншама әйел Мөлдірге де, маған да жазып жатыр. Мұндай жағдайда жүрген қаншама отбасы бар", – деді Байсеміз.

Ол көптеген журналистер Мөлдірден сұхбат алуға талпынғанын, бірақ продюсер ұзақ уақыт бойы ештеңе айтпауға тырысқанын жеткізді.

"Мөлдірге хабарласқан журналистер өте көп болған. Бұл мәселе жан-жақтан гу-гу әңгіме болды. Әр жаққа барғанда, бұл сұрақтарды Мөлдірге қойды. Бірақ ол ештеңе жарияламаймын деді. Арада біраз уақыт өтті. Ол дүние ушығып кетті. Ол кісінің шыдамының шегі таусылды. Төзімі таусылды. Сосын "кешке хабарласып: бәрі сұрап жатыр, сізге сұхбат бергім келеді" деді. Алдында мен шақырғанмын. Мені таңдады", – дейді журналист.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу