Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды 

Мәдениет
Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды 

Шарада министр Айда Балаева ескерткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркияның 100 жылдығына орай ашылғанын айтты.

-Түбі бір, тарихы тамырлас Түрік елі біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақсаты бір бауырлас мемлекет. Мемлекет басшыларының арқасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салалар қарқынды дамып келеді. Әсіресе, бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алтын көпірі болған мәдени байланысымыз зор. Бұл ретте Түркия тарихында өшпес із қалдырған қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушыға ерекше мән беріледі. Ол жүзеге асырған мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларымен заманауи қоғамның құрылуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жалғасып келеді,- деді Аида Балаева.

Биіктігі 3 метрден тұратын қола ескерткіштің тұғыры граниттен жасалған. Ескерткіштің авторлары қазақстандық мүсіншілер - Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу