freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұхтар Шаханов өз туған жерінде жерленеді

Қоғам
Мұхтар Шаханов өз туған жерінде жерленеді
Фото: gov.kz

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов өзінің туған топырағында, Арыстан баб кесенесінің маңында мәңгілік мекенін табады. Бұл жайлы журналист Құдияр Біләл мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 сәуірде Алматы қаласында өтеді. Қаралы жиын Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында сағат 09.00-де басталады.

Ал 22 сәуірде жазушының денесі Түркістан облысына жеткізіліп, Арыстан баб кесенесінің маңындағы зиратқа қойылады. Ақын қазақтың біртуар азаматтары – академик Өмірзақ Айтбаев пен белгілі сатирик Көпен Әмірбек жерленген қорымға жерленбек.

Айта кетейік, бұған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына хат жолдап, оны Арыстанбаб кесенесі аумағында жерлеуді сұраған еді.

Мұхтар Шаханов қазақ әдебиеті мен қоғамдық өмірінде айрықша орны бар тұлға. Ол Желтоқсан оқиғасының шындығын көтерген, мемлекеттік тіл мәселесінде белсенді ұстаным білдірген ақын ретінде халық жадында мәңгі қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу