freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мыңнан астам адамның 300 млн несиесі кейінге шегірілді

Құқық
Мыңнан астам адамның 300 млн несиесі кейінге шегірілді
Gov.kz

 Бас әскери прокуратура несиесі кейінге шегерілмей қалған мыңнан астам әскерді анықтап, олардың құқығын қорғады. Бұл туралы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Айта кетейік, қолданыстағы заңға сай, Отан алдындағы борышын өтеуге барған сарбаздар несиесін бір жылға шегеріп, әскерден келген соң өтей алады. Бас әскери прокуратура тексере келе, Қазақстан бойынша мыңнан астам сарбаздың несиесі шегерілмей қалған.

Яғни, банк пен қорғаныс органдарының арасында іс-қимыл орнамаған соң, олардың несиесі кейінге шегерілмей қалған.

«Іске әскери прокурорлар араласқан соң, мыңнан астам әскердің 300 млн теңгеден астам несиесі кейінге шегерілді», - деп хабарлайды Бас әскери прокуроратура.

Қадағалау актісі негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктерге әскери қызметшілердің құқықтарын бұлжытпай сақтау тапсырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу