freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Навальныйдың өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды

Әлем
Навальныйдың өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды
Фото: MAXIM SHIPENKOV/EPA-EFE/REX/SHUTTERSTOCK

Алексей Навальный эпибатидинмен – Оңтүстік Америкадағы улы ағаш бақасының терісінен алынатын умен улану салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz. BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл затты саясаткердің туыстары шетелге алып шыға алған биоматериал үлгілерінен бірнеше тәуелсіз зертхана анықтаған.

Ресей оппозициясының көшбасшысы әрі Владимир Путиннің басты қарсыласы Алексей Навальный екі жыл бұрын түрмеде көз жұмды. Ол бұған дейін «Новичок» әскери уымен уланғаннан кейін шетелде емделіп, кейін Ресейге оралған болатын. Ресей билігі сол улануға қатысы барын жоққа шығарады, сондай-ақ Навальный түрмеде табиғи себептерден қайтыс болды деп мәлімдейді.

«Біріккен Корольдік, Швеция, Франция, Германия және Нидерланд Алексей Навальныйдың өлімге әкелетін умен уланғанына сенімді», — делінген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Саясаткердің биоматериалдарын зерттеу олардың құрамында эпибатидин бар екенін растады.

«Эпибатидин — Оңтүстік Америкадағы улы бақалар бөліп шығаратын токсин. Ресей табиғатында ол кездеспейді», — деп атап өтті британ ведомствосы.

«Ресей Навальный табиғи өліммен қайтыс болды деп мәлімдейді. Алайда эпибатидиннің уыттылығын және хабарланған белгілерді ескере отырып, улану оның өліміне себеп болғаны ықтимал. Навальный түрмеде қайтыс болды, демек Ресейде оған бұл уды қолдануға құрал, себеп және мүмкіндік болды», — деп түсіндірді Форин-офис.

Мәлімдемеде сондай-ақ бес еуропалық ел Ресейдің Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияны бұзғаны жөнінде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымын хабардар еткені айтылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу