Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Некелесу рәсімін Үндістанда өткізген қазақтар қызу талқыға түсті

Қоғам
Некелесу рәсімін Үндістанда өткізген қазақтар қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Үндістанда неке қидыру рәсімін өткізген қазақстандық жұптың видеосы тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрдан үстіне Үндістанның дәстүрлі киімдерін киген ер адам мен әйел кісінің некелескен рәсімін көруге болады. Іс-шараның куәсі болуға жиналған қонақтар да жергілікті халықтың ұлттық киімдерін киіп тұр.

Ал неке қию рәсімін елімізде Құралай ханым деп танылған коуч өткізген. Ол жұпқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа өмірде бір-бірлеріне қамқор болуға кеңес берген.

Той Үндістанда өтіп жатса да, жиналғандар қалыңдықтан мәһірге не алғысы келетінін сұраған. Қалыңдық өз кезегінде Астана қаласынан төрт бөлмелі пәтер сұрайтынын айтты.

Оқырман қауымның шетелде өткен іс-шараға қатысты пікірі сән түрлі. Бірі оларды қолдаса, енді бірі әйел адамның бата бергенін және үндінің дәстүрлі киімдерін киіп неке қидырған жұпты сынаған. 

Фото: tiktok.com/@aruzhantzh

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу