Нұрәділ Әлжан Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Отандық татами шебері Тәжікстан астанасындағы сында 60 келіде сынға түсті. Ол турнирді екінші айналымнан бастап, 1/8 финалда нидерландтық Эмиэль Жарингтен басым түсті. Ал ширек финалда тәжік балуаны Лоик Кудбудиновке жіберді.
Жұбаныш белдесуінде отандасымыз Өзбекстан балуанын қапы қалдырып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал үшінші орын үшін белдесуде Нұрәділ Әлжан ресейлік Домбуу Ачутуды жеңді. Осылайша жерлесіміз Душанбеде жыл сайын өтетін дәстүрлі бәсекенің жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, Душанбе Grand Slam турнирі ертең аяқталады. Бұл бәсеке Орталық Азия елдерінде дзюдодан өткізелетін үш Grand Slam турнирінің бірі.