freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрлан Сабуровтың күйін кеше ме: Ресей тағы бір қазақ өнерпазына шүйлігіп, іс қозғады (ФОТО)

Қоғам
Нұрлан Сабуровтың күйін кеше ме: Ресей тағы бір қазақ өнерпазына шүйлігіп, іс қозғады (ФОТО)
istockphoto.com

Ресейде Ганвест лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Руслан Гоминовқа қатысты есірткі заттарын насихаттады деген күдікпен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл ақпаратты «Қауіпсіз интернет лигасының» жетекшісі Екатерина Мизулина Telegram арнасында жариялады. Оның мәліметінше, Санкт-Петербург полициясы жолданған өтінішке ресми жауап берген.

Құжатта ән мәтіндері психологиялық-лингвистикалық сараптамаға жіберілгені және тиісті мамандардың қорытындысы алынатыны айтылған.

Руслан Гоминов 1992 жылы Ақтауда дүниеге келген. Музыка саласындағы жолын 2008 жылы бастаған. 2018 жылы жарық көрген "Датура" мен "Никотин" тректері арқылы кең танымалдыққа ие болды. Ал 2020 жылы TikTok-та танылған ресейлік рэпер Натанмен бірге "Ананас сиропы" атты бірлескен ән жазған.

2025 жылдың күзінде Ганвест сахналық бейнесін түбегейлі өзгертіп, бетіне ақ бояу жағып, Liberty spikes үлгісіндегі шаш қойып, рок стиліне бет бұрды. Соңғы уақытта "шнейн", "пепе", "фа", "втфа" секілді тосын сөздерді қолдануы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тіпті мемге айналды.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей билігі қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресей аумағына 50 жылға дейін кіруіне тыйым салған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу