457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Алматы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік оқиғасына ұшырады. 


Алматы облысы полиция департаменті Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Өңірлік полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қаладан тыс жолдарда және тәуліктің қараңғы уақытында аса мұқият болуға шақырады, — деп мәлімдеді полициядан.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Әсет Масабаевтың жол апатында зардап шеккенін растады. Ведомство мәліметінше, қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол есін біледі.

Медициналық көмек белгіленген хаттамаға сәйкес көрсетіліп жатыр, — деп хабарлады басқармадан.

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі