Алматы облысындағы оқушының өлімі: ІІМ оқиғаның мән-жайын айтты

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқиға мектеп бітіру кеші кезінде болған – түлектердің біріне шампура сұғылған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Санжар Әділовтің айтуынша, кәмелетке толмаған күдікті екі айға қамауға алынған.
"Қасақана адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазір белсенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мектеп директоры қызметінен босатылды, оқу ісі жөніндегі меңгеруші мен екі сынып жетекшісі қатаң жазаланды", – деді ол.
Журналистер күдіктінің қандай себеппен мұндай қадамға барғанын нақтыламақ болды.
"Барлық мән-жайлар соталды тергеу барысында анықталады. Біз тергеуді енді бастадық", – деп жауап берді вице-министр.
Оқушы өлімі
Соңғы қоңыраудан кейін Қырғауылды ауылындағы орта мектептің түлектері мейрамды атап өтпек болып, Долан ауылындағы жеке үйді жалдаған. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, кешке екі бітіруші сыныптың оқушылары жиналған.
Марқұм болған Алибидің туыстарының айтуынша, кеш аяғына қарай бір бала қолына кәуап пісіретін шампур алып, өзгелерді қорқыта бастаған. Алиби оны сабырға шақырмақ болғанда, шампурмен жүрек тұсына соққы алған. Жігіт сол жерде тіл қатпай жан тапсырған.
Мектеп директорының айтуынша, әкімшілік бұл кеш жайлы мүлде білмеген. Соңғы қоңыраудың алдында ата-аналардан балалардың мектептен тыс жерде тойламайтыны жөнінде қолхат алынған.
Күдіктінің ата-анасына – бала тәрбиесінде міндетін тиісінше атқармағаны үшін жаза қолданылған.
Фото: КТК видеосынан скрин

Самое читаемое
