«Алматы Су» басқармасының сотталған басшысына жаза қатаңдатылды

«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды

Сұлу Бөлек

  • 26.03.2025

«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұған дейін, биыл 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.

Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот залында сотталған адам қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Антикор жариялаған видеодан алынған скрин

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

02.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

26.04.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталды

Ол жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамаған, салдарынан бір адам қаза тапты

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды